ТҮРКІСТАНДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Түркістан қаласындағы «Бекзат» спорт кешенінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтіп жатыр. Дода КСРО және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ халқының тұңғыш халықаралық дәрежедегі төрешісі, еліміздің спорт саласының көрнекті қайраткері Хаис Аққалиевті еске алуға арналған. Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков, қалалық мәслихат депутаттары, спорт ардагерлері мен бапкерлер қауымы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 командадан барлығы 345 спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберліктерін сынға салуда. Турнир барысында жас палуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтиже көрсетуге бар күшін жұмсауда. Бұл жарыс жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, еліміздің болашақ чемпиондарын тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаң. Сонымен қатар, турнир жас спортшылар арасында достық пен бірлікті нығайтады.








