IT МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДОДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

19

Павлодар қаласында IT саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Шараның басты мақсаты — тәжірибе алмасу, үздік IT мамандарын анықтау. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен педагогтер қатысты.

Екі күнге созылған ғылыми-практикалық дода үш құзыреттілік бойынша өтті: Web-дизайн, Киберқауіпсіздік, Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау. Бұл байқауда Түркістан облысы, Кентау көпсалалы колледжінің оқытушылары — Жанболат Калимбетов пен Алпамыс Абдіхалық «Web technologies» (веб-әзірлеу) құзыреттілігі бойынша медаль иеленді. Конкурс соңында өз саласында үздік деп танылған педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы дипломдарымен марапатталатын болады.