ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Ауданға қарасты барлық ауыл округтерінде өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты.

Тазалық барысында көше бойы мен қоғамдық аумақтар, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар күзгі ағаш отырғызу акциясы өткізіліп, ауданның жасыл желегін көбейтуге бағытталған игі қадамдар жүзеге асты. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов тазалық жұмыстары жүргізілген аймақтарды аралап, ұйымдастыру деңгейіне назар аударды. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына аудан аумағындағы тазалықты тұрақты бақылауда ұстап, тиісті жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.