ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2025 жылдың 10 мен 16 қараша аралығында республикалық «Жол қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Авиценна” медициналық колледж студенттеріне арналған қауіпсіздік сабағын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру.
Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді.
Мұндай кездесулер құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастардың жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды талаптар жиынтығы. Жолда жүру ережелерін сақтау – тек жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілер мен велосипед мінушілердің де ортақ міндеті.
Қарапайым ережелерді орындау көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алады. Жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерден қиып өтуі тиіс, ал жүргізушілер жылдамдықты асырмай, айналадағы қозғалысқа мұқият болуы қажет. Балаларға жолда өз қауіпсіздігін сақтау дағдыларын ерте жастан үйретудің маңызы зор.
Жол қауіпсіздігі мәдениеті қалыптасқан ортада тәртіп те, сенім де болады. Сондықтан әр адам жол ережелерін құрметтеп, өзгелерге үлгі көрсетіп, жауапкершілікпен әрекет етуі керек. Мұндай кездесулер құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастардың жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.








