ШЫМКЕНТТЕ ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылы Шымкент қаласында тұрғын үй секторында 312 810 адамді қамтитын 112 540 аралау жұмысы жүргізілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда +10,6% өсім көрсетеді. Сонымен қатар, 15 080 адам қамтылған 345 жиын және 10 302 адам қамтылған 314 нұсқаулық өткізілді.
Өрт қауіпсіздігі тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында 1 698 материал жарияланып, оның ішінде 375 мақала, 275 телеарна, 1 048 әлеуметтік желі мен радио материалдары қамтылды. Мектептерде 422 мекемеде 10 365 оқушыға арналған 455 ашық сабақ өткізілді.
«Атамекен» ҰКП-да кәсіпкерлермен 38 дөңгелек үстел, БАҚ өкілдерімен 11 брифинг ұйымдастырылды. Әр демалыс күндері инспекторлар өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Тұрмыстағы негізгі ережелер:
- Электр құралдарын қараусыз қалдырмау;
- Розеткаларды шамадан тыс жүктемеу;
- Жарамды электр құралдарын қолдану;
- Сіріңке мен тұтатқыштарды балалардан алыс ұстау;
- Газ құрылғыларын қадағалау;
- Пісіріліп жатқан тамақты қараусыз қалдырмау;
- Жанғыш заттарды от көзінен алыс сақтау;
- Қолмен жасалған жылытқыштарды қолданбау;
- Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу.
Жылыту маусымы басталғанға дейін «Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өткізіліп, 15 537 жеке тұрғын үй қамтылды. Әлеуметтік осал топтағы 1 073 отбасы толық араланып шықты. 100 газданғандықты анықтайтын құрылғы орнатылып, 40-тан астам тұрғын үйде мұржалар тазартылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 112 материал жарияланып, 15 960 жадынама таратылды. Тұрғын секторда 154 жиналыс пен кездесу өткізіліп, 2 332 адам қамтылды. Оқу орындарында 49 интерактивті сабақ ұйымдастырылып, дауыс зорайтқыш арқылы 142 рет үндеу жасалды.
Шымкенттегі профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және өрттің алдын алуда маңызды рөл атқарып отыр.








