ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

17

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері #5 Молда Мұса атындағы мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағын өткізді.

Іс-шараға Сейтхан Сымбат Ержанқызы — Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы, Абдуталипов Мейрхан Серғали-Түркістан Аймақтық қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестіруші, Тоқбаев Жолдыбай Алиханұлы #15 спорт мектебінің Грек-Рим күресінің әлемдік чемпионы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру.

Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді.

Қауіпсіздік сабағы – әр адамға күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайлардың алдын алуды үйрететін маңызды білім саласы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – балалар мен ересектерге қауіп-қатерді дұрыс бағалап, қажет кезде өз-өзін және айналасындағы адамдарды қорғау дағдыларын қалыптастыру.

— Жолды тек жаяу жүргінші өткелінен кесіп өту.

— Бағдаршамның жасыл түсін күту.

— Жүру бөлігінде ойнамау, құлаққапты қатты қоймау.

— Үйде тез тұтанатын заттарды ашық отқа жақын қоймау.

— Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану.

— Өрт шықса – 101 нөміріне хабарлау, әрі қарай қауіпсіз жерге шығу.

— Рұқсат етілмеген жерде шомылмау.

— Терең суға секірмеу.

— Үлкендердің бақылауынсыз суға түспеу.

— Газбен жұмыс істеуде абай болу, иіс шықса – бөлмені желдетіп, газды жабу.

— Күмәнді заттарды ұстамау, белгісіз сұйықтықтарды ішпеу.

— Үйде жалғыз қалғанда бейтаныс адамдарға есік ашпау.

— Бейтаныс адамдарға жеке мәлімет бермеу.

— Қауіпті сілтемелерге кірмеу.

— Кибербуллингтен қорғану үшін ұнамаған хабарламаларды бұғаттау және ересектерге айту.