ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС АНЫҚТАЛЫП, НЫСАН ИЕСІНЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ

32

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Қазыбек би көшесіндегі №12 үйге тексеру жүргізіп, ғимараттың 1-қабатына жапсарлас салынған мейрамхана құрылысын анықтады. Тапсырыс беруші үйдің 1-қабатындағы кәсіпкерлік мақсаттағы жайға бастырма орнату үшін берілген жер теліміне мейрамхананың қосымша асхана және тамақтану залын салып жатқаны белгілі болды. Аталған талаптарды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл салуға және заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзуға себеп болуы мүмкін.

Нысаналық мақсатына сай келмейтін жер теліміне құрылыс жүргізіп, жерге тиісті құқық беру құжатынсыз, жобалау құжаттамасы мен авторлық, техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізгені үшін ол азаматқа айыппұл салынды, нысанды пайдалануды тоқтату және бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілді.

Құрметті қала тұрғындары!

Кез келген құрылыс жұмысын бастар алдында қолданыстағы заң талаптарына сәйкес рұқсат алуды және құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.

Аталған талаптарды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл салуға және заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзуға себеп болуы мүмкін.

Қазіргі урбанизация және халық санының өсуі жағдайында құрылыс саласының қарқыны артып келеді. Алайда құрылыс жүргізудің заңды тәртібін сақтамау мәселесі әлі де өзекті. Заңсыз құрылыс – бұл жер теліміне, архитектуралық-қала құрылысы талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге сәйкес рұқсатсыз салынған ғимараттар мен құрылыстар.

Заңсыз құрылыс деп Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары, Жер кодексі, ӘҚБтК және басқа да заң талаптары бұзылған жағдайда тұрғызылған нысандарды айтады.

Заңсыз құрылыс себептері

— Құжат рәсімдеудегі қиындықтар

— Жер ресурстарының тапшылығы

— Қадағалаудың жеткіліксіздігі

— Қаржылай себептер

Заңсыз құрылыстың салдары

  1. Қауіпсіздікке қатер
  2. Қала құрылысына зиян
  3. Құқықтық жауапкершілік
  4. Экологиялық қауіп

Әкімшілік айыппұл, құрылыс тоқтату, нысанды бұзу туралы сот шешімі.

Мәселені шешу жолдары

— Рұқсат беру жүйесін жеңілдету

— Қоғамдық бақылауды күшейту

— Түсіндіру жұмыстарын арттыру

— Қала құрылысы жоспарларын нақтылау

— Бақылау органдарының тиімділігін арттыру

Заңсыз құрылыс – қоғам қауіпсіздігі мен қала дамуына кері әсер ететін құбылыс. Оның алдын алу үшін құқықтық мәдениетті арттыру және бақылауды күшейту қажет.