ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

16

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ніңұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті.

Аталған байқау өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, ерекше үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатынды ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысыныңміндетін атқарушы Болат Жанәбіл құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жетістіктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады.

Сонымен, «Үздік жас мұғалім» номинациясын бәйдібектік Әдбікәрім Андасұлы және сарыағаштық Дауренбек Миатұлы иеленді. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша шардаралық Бексейіт Қанатұлы және бәйдібектік Лаура Нұрғалиқызы иемденді. «Үздік жас спортшы» номинациясына келестік Асылжан Есболұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясына сарыағаштық Асель Еркінқызы лайық деп танылды. «Үздік бейбіт өмір батыры» аталымы ойынша төлебилік Асыл Хамитбекұлы топ жарды. «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша сарыағаштық Сұңқар Бердалыұлының бағы жанды. «Таза Қазақстан экологиялық жобасының үздік жасы» номинациясын қазығұрттық Ақтөре Мейіржанұлы қанжығасына байлады. «Үздік жас полиция қызметкері» аталымы бойынша түркістандық Бақытжан Үсенұлы марапатталды. Созақ және Қазығұрт пен Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы аталымы бойынша марапатталса, «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы» номинациясы созақтық Зарина Қалдыбайқызына бұйырды.

«Үздік жас оқушы» аталымы бойынша түлкібастық Нұрислам Нұрланұлына, «Үздік жас әнші» атанған түркістандық Ақгүлім Қайырбекқызына, «Үздік жас жұмысшы маман» аталымы бойынша Камила Рустемқызы марапатталса, «Үздік жас волонтер» номинациясын түркістандық Асылзат Батырбекқызы иеменденді. Сол секілді «Үздік жас блогер» номинациясы түркістандық Бақдаулет Ерланұлына бұйырды. Бұдан бөлек «Үздік жас тілші» аталымы бойынша түркістандық Қымбат Мұнсызбайқызы және Жұлдыз Батырбекқызы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік жас отбасы» номинациясын сарыағаштықӘуезхановтар отбасы алса, «Үздік жас ІТ маман» болып сарыағаштық Низамаиддин Курванжанович лайық деп танылды. «Үздік шығармашылық ұжым» номинациясы «OzgeEpic CreativeHub» ұжымына бұйырды. Сондай-ақ «Үздік жас студент» аталымы бойынша жетісайлық Әдемі Муханқызы иемденді. Жастар сыйлығына әр аталым бойынша қаржылай сыйлық тағайындалды.