ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

Түркістан облысы Полиция департаментінің бұйрығына сәйкес Бәйдібек ауданы аумағында 1-кезең 2025 жылдың желтоқсан айының 5-12 күндер аралығында және 2-кезең 2025 жылдың 20 желтоқсаннан 2026 жылдың қаңтар айының 3 күні аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу ұйымдастырылуда.
Осыған байланысты, мереке және жаңа жылдық мейрам күндері қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану жәиттерін анықтау және жолын кесу мақсатында, тексеру жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоршаған орта мен ұлттық құндылықтарды, азаматтардың денсаулығы мен өмірін, мүлкін қорғау мақсатында жаңа жылдың қарсы алу мен мерекелеу кезеңінде және азаматтық пиротехникалық заттарды пайдалану, сақтау және сату орындарында төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, заңсыз рұқсатсыз пиротехникалық заттарды сауда саттық орындарда сатуға тиым салынатындығын ескертеміз.
Жоғарыда аталған тыйым салынған істәркееттер анықталған жағдайда заң орындары тарапынан тиісті шара көрілетін болады.
Іс-шара барысында ҚР ІІМ 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес тексеру жүргізілетіндігін назарларыңызға саламыз!








