ДАУРЕН САРИЕВ ҚАБЫЛДАУЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

5

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев азаматтардың әлеуметтік мәселелерін тыңдау мақсатында жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар өз өтініштерін нақтылап, мәселелерін ортаға салды. Абай ауылының тұрғыны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға көмек сұрады. Алпамыс батырдан келген тұрғын әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтерсе, Қошқарата ауылының азаматы I топтағы мүгедекке арналған әлеуметтік көмек алу қажеттігін жеткізді.

Даурен Нұрланұлы әр өтінішті жеке бақылауға алып, тиісті ауылдық округ әкімдері мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, жыл соңына дейін нақты шешімдер қабылданатыны айтылды.