КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбайдың төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі штаб отырысы өтті.
Жиын барысында жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағытын күшейту, ата-аналармен тиімді байланыс орнату, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жетілдіру мәселелері жан-жақты қаралды.
Аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Гүлнұр Абилхасова жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың қазіргі ахуалы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу қорытындысында Мақсат Маратұлы тиісті сала басшылары мен мамандарға профилактикалық жұмысты жүйелі түрде жүргізу, мектептер мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды тиімді жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.








