“ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢДЫ ІСТЕР КӨП…”

2

2026 жыл нәтижесінде Түркістан облысында  оңды істер көп атқарылды. Бұл туралы Астана қаласында БАҚ өкілдеріне берілген брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров егжей-тегжейлі айтып берді:

Өздеріңізбен бекітілген кестеге сәйкес жүздесіп отырмыз.

Осыған орай, Түркістан облысында Президент Жолдауының іске асырылуы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндап өтсем.

*

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап өтті.

Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру болып табылады.

Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды.

Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс.

Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

*

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған.

*

Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік.

Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі.

Олар бойынша импорт көлемі

98 млрд.теңгені құрайды.

Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар.

Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық.

Импорт алмастыратын 20 жоба іске асырылуда.

Бұл өз кезегінде 53 млрд.теңгеге жуық импорт тауарларын алмастыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік.

*

Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд. теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі таңда 39 млрд. теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды, 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд. теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда.

*

Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын.

Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды.

Нысан – заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы: Аталған орталық – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

7 инвестор Орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Нәтижесінде, өңір экономикасына

185 млрд. теңге инвестиция тартылып,

1 175 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бюджетке қосымша салық түседі (355 млн.теңге).

Бүгінгі таңда, 8 өндірістік ғимараттар салынып, ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

*

Жалпы өнеркәсіп саласында биыл

107 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып,

2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобаларды атап өтсем:

— Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны 35 млрд.тг., 300 жұмыс орны);

— Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны 21 млрд.тг., 960 жұмыс орны);

— Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны 9 млрд.тг., 96 жұмыс орны);

— Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны 8,5 млрд.тг., 150 жұмыс орны);

— Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд.тг., 150 жұмыс орны).

Жыл соңында 103,5 млрд.теңгеге қосымша

8 өнеркәсіп жобаларын іске қосамыз.

*

Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында облыстың барлық аймақтарында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асырылуда.

Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдар құрылды. Аумағы 238 гектар.

Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик бұйымдары, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп болып айқындалды.

Жоба аясында 248 ғимарат салып,                                 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған (213 млрд.тг инвестиция).

Бүгінгі таңға 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

(136 млрд.тг инвестиция).

Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды.

Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады.

*

Салада атқарған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, өсім деңгейі

113,4 пайызды құрады.

Өсім қарқыны бойынша республикада алғашқы бестікке жайғастық.

*

Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өтті.

Өңірімізге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүрміз (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт сыртқы көздер есебінен).

Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жобаларды қолға алдық. Атап айтқанда:

— «Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бу-газ станциясының құрылысы басталды

(800 млрд.тг).

Нысан құрылысын 2027 жылы аяқтау жоспарлануда;

— Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина станциясы салынады (155 млрд.тг).

Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды.

Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;

— Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ (119 млрд.тг.) және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр станциясының (224 млрд.тг.) жобалары әзірленуде.

Іске асыру мерзімі 2025-2027 жылдар;

— Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт  болатын жел электр станциясының құжаттары рәсімделуде (505 млрд.тг.).

Іске асыру мерзімі 2026-2028 жылдар.

Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі.

Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз ететін боламыз.

*

Облыста ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір болып табылады.

Заманауи технологияны қолдану арқылы, салада терең қайта өндеуді дамыту басты мақсатымыз.

Өңірдің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық.

Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды.

Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді: мақта өсіруден бастап — жіп, мата, джинсы материалдары сияқты дайын тоқыма өнімдерін шығарады.

Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 030 адам жұмыспен қамтылып,

201 млрд. теңге инвестиция тартылады.

Мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші

60 центнерге жетеді. Нәтижесінде, 229 мың тонна мақта өңделеді.

Биыл пилот ретінде Отырар ауданында

32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді.

Нәтижесінде, 45 центнер мақта жиналды.

2 мақта өңдеу зауыты және 2 су үнемдеу технологиясын шығаратын өндірісі іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталуда.

Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынуда. Желтоқсан айында іске қосылады.

Құны 35 млрд.теңге, 251 жұмыс орны ашылады.

Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады.

Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Ет кластері бағытында 7 жоба іске асырылуда.

Жоба құны 50 млрд.теңге, қуаттылығы

35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады.

Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда.

Бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бес қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды.

Нәтижесінде, қосымша 35 мың тонна ет өңделетін болады.

Жалпы кластерлік бағыт, отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді.

Аталған 3 кластерді дамыту есебінен

2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд.теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

*

Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясымен ет бағытында ірі құс фабрикасының құрылысы басталды.

Жоба құны 53 млрд.теңге. Жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін болады.

8 000 жаңа жұмыс орны ашылады.

*

Өнеркәсіптік жылыжайларды дамытуды қолға алдық.

Жалпы еліміздегі жылыжайлардың

71 пайызы облыстың еншісінде.

Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1 715 гектарға жетті.

Нәтижесінде, республикадағы үлесі

76 пайызға өсті.

Жылыжайлардың бірінші айналымынан

102 мың тонна көкөніс жиналды.

Келесі жылы көлемін қосымша 62 гектарға ұлғайтып, үлесін 80 пайызға жеткіземіз.

Келес ауданында 500 гектарда «Еcoculture-Еurasia» ірі жылыжай кешені салынуда.

Бұл, жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік береді (7 мың жұмыс орны).

Биыл жобаның 1-кезеңі іске қосылады (51 га).

*

Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған шаралар өз жемісін көрсетуде.

10 ай қорытындысымен 1 трлн.теңгеден астам өнім өндіріліп, оң өсім қалыптасты (101,7%).

Жалпы ауыл шаруашылығының өнім көлемі бойынша республикада алғашқы орындамыз.

*

Елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы сезілуде.

Осыған орай, Мемлекет басшысы: Ең алдымен суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетуді тапсырған болатын.

*

Су үнемдеу технологиясы ағын суды

2 есе үнемдеумен қатар, өнімділік 3 есе артады.

Еліміздегі суармалы жерлердің төрттен бірі облысымызға тиесілі.

Жалпы алаңы 554 мың гектарды құрайды.

2025 жылға дейін су үнемдеу технологиясы

55 мың гектарға енгізілген болатын.

Биылғы жылдың өзінде қосымша 59 мың гектарға су үнемдеу технологиясы ендіріп, жалпы көлемін 114 мың гектарға жеткіздік.

Алдағы 5 жылда су үнемдеу технологиясын қосымша 250 мың гектарға ендіру жоспарлап отырмыз.

Суару технологиялардың қолжетімділігін арттыру бағыттында 6 кәсіпорын ашу қолға алынды.

Оның ішінде, 4 кәсіпорын іске қосылды, қосымша 2-уі келесі жылы ашылады.

Нәтижесінде, 364 мың гектарға су үнемдеу технологиясымен қамтамасыз ету мүмкін болады.

Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі.

Отырар ауданында су үнемдеу технологиясын қолдана отырып, «Күріш дақылын егу» жобасы іске асырылды.

Жоба құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қарапайым әдіспен гектарына ағын су

26 мың текше метрге дейін пайдаланылса, тамшылатып суару есебінен ағын су 2 есе үнемдеуге қол жеткізілді (15 мың м3).

*

Облыс аумағында ағын сумен қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 12 731 шақырымды құрайтын каналдар бар (4 180 дана).

Каналдардың 76%-ның тозығы жеткен.

Аталған мәселені шешу үшін кешенді жоспар қабылдадық.

*

Бірінші кезекте тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіруіміз қажет.

Ислам Даму банкінің қаржысы есебінен жалпы 302 су нысанын жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Нәтижесінде, каналдардың тозу көрсеткіші 50 пайызға дейін төмендейді.

СЛАЙД-16

Бұдан бөлек, сыйымдылығы 121 млн. текше метр 4 су қоймасын салу жоспарланған.

Оның ішінде, «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынуда.

«Боралдай» және «Иқан су» қоймаларының жобасы әзірленуде.

«Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймаларын салу есебінен Түркістан қаласы және 5 аудан тұрақты 120 млн. текше метр сумен қамтамасыз етіледі.

Нәтижесінде, 18 мың гектарға жуық жердің сумен қамтамасыз етуі жақсарады.

Бұл қосымша 200 млрд.теңгеге өнімін өндіруге мүмкіндік береді.

*

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын.

Жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан.

Бұл сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі деп білемін.

Әрбір инвесторлар үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған.

Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Біз Өзбекстанмен шекаралас өңір болғандықтан, көршіміздің дамуын тұрақты бақылап отырамыз.

Олардың тәжірибесін зерттеп, елімізге қажетті жобалары мен тәсілдерін ендірудеміз.

Инвестициялық әлеуетімізді ескере отырып, облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,6 трлн.теңгеге 111 инвестициялық жоба пулын қалыптастырдық.

Өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде

24 мыңдай жұмыс орындары ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд.теңге салық түседі.

Биыл 340 млрд.теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

10 айда 41 жоба (180 млрд.тг) іске қосылып,

5 322 жұмыс орны ашылды.

СЛАЙД-18

Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына

1,2 трлн. теңге инвестиция тартылып, өсім

124,2 пайызды құрады.

*

Мемлекет басшысы білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі екенін атап өтті.

Бұл бағытта облыста нақты шаралар қабылданып жатыр.

*

Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектеп» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 28 мектеп пайдалануға берілді.

Қалған 1 мектептің құрылысы аяқталу үстінде.

Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Биыл 4 мектеп пайдалануға беріледі, қалғаны келесі жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 41 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта

25 мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

*

Мемлекет басшысы білім беру саласындағы жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға назар аударып, IT технологияны дамытуды атап өтті.

Осыған орай, Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында

IT мамандарын дайындайтын «Woosong Kazakhstan» универсеті ашылды.

Университет жалпы 2 мың студент қабылдауға мүмкіндігі бар.

Анықтама:

  1. Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау;
  2. Бағдарламалық қамтамасыз ету;
  3. IT өнеркәсіптік революция;
  4. Мультимедиа және веб дизайн.

Әкімдік тарапынан 100 грант бөлінді.

Бүгінгі таңда, оқу процесі басталып,                             108 студент білім алуда.

Бұдан бөлек, университетке Оңтүстік Кореядан 70 студент тәлім алуға келді.

Алдағы уақытта, университет облыс жастарының өзге қалаларға білім алу үшін қоныс аудармай, өз өңірімізде қалуына үлкен септігін тигізетін болады.

*

Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды.

Облыста 50 колледжде 46 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алуда.

Ағымдағы жылы колледжді бітірген

14 806 түлектің 79 пайызы жұмыспен қамтылған (11 697 түлек). Оның ішінде, 5 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары.

Жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға            9 мыңға жуық грант бөлінді.

Агроөнеркәсіп, энергетика және техникалық бағыттар бойынша 5 мамандыққа тапшылық анықталды.

Алдағы уақытта колледждерде өңірдің экономикалық қажеттілігіне сай жұмысшы кадрларын даярлауға бағыттайтын боламыз.

*

Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық жердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі таңда 73 нысанға қажеттілік бар.

Нақты жоспар түзіп, 3 жылда кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз.

Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимараттың мәселесі шешілуде.

3 ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды.

Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі

84,7 пайызға жетті.

*

Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі біздің облыста тұрады.

Сондықтан, әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары.

Дегенмен, жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды (2022 ж. — 198,4 мың адам, 2023 ж. — 154,7 мың адам,

2024 ж. — 94,8 мың адам).

Кедейлік деңгейі 4,4 пайызға төмендеді

(2022 ж. — 9,4%, 2023 ж. — 7,4%).

Ағымдағы жылдың 10 айында 122 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады (2025 ж. жоспар — 4,8% /

жұмыссыздар — 39,9 мың адам).

Бұл көрсеткіш – өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді.

*

Президентіміз өз Жолдауында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және туристік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы бұл бағыттың ел экономикасын әртараптандыру мен халықаралық имиджді арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді.

Президенттің қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді.

Жыл басынан бері 500 мыңнан астам турист өңірге келіп, 6,6 млрд. теңге табыс түсті.

Туристерге жаңа бағыттар мен өнімдер ұсыну мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Түркістан қаласында Есу арнасы каналы мен Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды.

99 гектар аумақты қамтитын «Ипподром» құрылысы аяқталуда. Келесі жылдың басында пайдалануға беріледі.

Аталған нысандар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

*

Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті.

Облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған.

Осыған орай, ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі.

Облыста жалпы 2,1 млн. тұрғын немесе 98,5%-ы ауыз сумен қамтылған (763 елді мекен).

Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 елді мекеннің тозған

су жүйелері жаңартылады.

Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді (801 е.м.).

Дегенмен, ауыз суды кестемен ішетін 192 елді мекеніміз бар. Негізгі себебі: ұңғымаларда су дебеті азайған, су жүйелері тозығы жеткен.

Осыған орай, нақты жоспар түзіп, алдағы уақытта кестеме ауыз су ішіп отырған ауылдардың мәселесін кезең-кезеңімен шешетін боламыз.

Табиғи газбен 1 млн. 834 мың адам

(563 елді мекен) қамтылып, жалпы қамту деңгейі 85,5%-ды құрады.

Ағымдағы жылы қосымша 37 елді мекенге газ құбыры тартылады.

Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн. 906 мыңға немесе

88,9%-ға жететін болады (600 елді мекен).

2 жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Биыл облыста 289 нысанға немесе

1 236 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл қорытындысымен 951,4 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94,7%-ға жеткізілетін болады.

Президент 2025 жылы жалпы экономиканың 7 пайыз өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Жалпы аталған жұмыстардың нәтижесінде 10 ай қорытындысымен 114,8 пайыз экономикалық өсімге қол жеткіздік.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты.

Бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Жалпы облыста атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі бағыттарға тоқталып өттім.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларына сәйкес, халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу — біздің басты мақсатымыз.

Осыған орай, біз Түркістан облысын экономикасы дамыған өңірге айналдыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, аянбай қызмет ететін боламыз-деді  баспасөз маслихатын қорытындылаған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

 

Батырхан Әмірбек

Шеф-редактор