«ТҮРКІБАСЫ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2025 жылдың 9 желтоқсан күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен «Түркібасы» жалпы білім беретін мектебінде *«Өзбек тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалау жолдары және жасанды интеллектіні пайдалану жолдары»* тақырыбында аудандық тәжірибелік семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты — *критериалды бағалау әдістерін өзбек тілі мен әдебиеті пәніне бейімдей отырып, оқу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету*, сондай-ақ *заманауи жасанды интеллект технологияларын оқу материалын меңгеруде, оқушыларға кері байланыс беруде және шығармашылық қабілеттерін дамытуда тиімді қолдану* жолдарын талқылау болды.
Семинар аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Мектеп психологы *Умбетова Замира* ұстаздарға арналған *«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»* тақырыбында мотивациялық тренинг өткізіп, педагогтардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен бөлісті.
- Өзбек тілі пәні мұғалімі *Ниязова Хуснора Бахтиярқызы* 8 «Б» сыныбында *«Сайёралараро фазони забт этиш»* тақырыбында ашық сабақ өткізіп, жаңа форматтағы бағалау әдістерін тиімді қолдану жолдарын көрсетті.
- *Миразизова Муяссар Гуламжановна* 8 «Б» сыныбында *«Косманавтика буйича мозийга бир назар»* тақырыбындағы сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытты.
- Өзбек әдебиеті пәні бойынша *Перметова Сайёра Махмуджановна* 5 «Б» сыныбында *«М. Бобур хаёти ва ижоди. Бобур рубоийлари»* тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушыларды көркем мәтінмен жұмыс істеуге, ақын шығармашылығын терең түсінуге баулыды.
- 3 «Б» сыныбында өзбек тілі пәні мұғалімі *Абдувалиева Нигора Эркиновна* *«Мустақиллик майдони»* тақырыбындағы сабағында еркін ой айту, тіл байлығын дамытуға бағытталған белсенді әдістерді қолданды.
- Сонымен қатар, *«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім!»* тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылып, оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеруге бағытталған танымдық, тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара болды.
Семинар барысында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, тиімді бағалау әдістерін және жасанды интеллектті тиімді қолдану бағытында пікір алмасулар өтті. Барлық іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң баға алды.








