«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА ДӘУІР СЕРІГІ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауларында елдің бағыты мен бағдары айқындалып, сын-қатерге қарсы әлеуеті бағамдалған маңызды міндеттер жүктелді.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіндегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанымызды, түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізудің қажеттігін жеткізген.
Бүгін ауданымыздағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында Ел Президентінің Жолдауында баса назар аударылған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, «Жасанды интеллект және заманауи білім беру: Жаңа дәуір серігі» тақырыбымен облыстық оқыту семинары өтті.
Заманауи білім беру үдерісіне жасанды интелект технологияларын енгізу арқылы білім сапасын арттыру, педагогтердің цифрлық құзіреттілігін дамыту және білім берудегі жаңа мүмкіндіктерін айқындауды мақсат тұтқан шарада пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері шәкірттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жасанды интеллект арқылы жекелендірілген оқытудың тиімділігін пайдаланды. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланудың педагогикалық тәсілдерін көрсетіп, заманауи инновациялық тәжірибесімен бөлісті.
Шара барысында Ақмаржан Мейірманова «Сөйлем мүшелерінің байланысы», Нұрлы Бақбергенова «Ч дыбысы мен әрпі», Күнімкөз Арыстанова «Жасанды интеллект: Мүмкіндіктер әлемі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Алдымен мектеп-гимназияның 3 «ә» сыныбында Ақмаржан Мейірманованың жетекшілігімен практикалық кезеңнің тәжіртбе алмасу сағаты өтті. Ұлағатты ұстаз «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбын алдыңғы сабақтан алған білімдерімен толықтыра отырып, сөйлем мүшелерінің байланысын цифрлық технологияларды пайдалану, жасанды интелект көмегімен оқушылардың өз ойындағы сөйлемді іс-әрекет арқылы көрсетіп, сөйлем мүшесіне талдау, дұрыс сұрақ қоюға дағдысын қалыптастырды.
Кез-келген азамат Тәуелсіз Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десе, әр жұмысын жаңаша тәсілмен ойлап, жүргізуі керек. Әр сабақта оқушының қызығушылығын, белсенділігі мен білімге деген құлшынысын, құштарлығын арттырған ұстаздардың бүгінгі еңбегі көпшілік тарапынан қолдау тауып, жоғары бағасын алды.







