АЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Сайрам ауданында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Аталған бақылау аясында Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округі әкімінің аппараты мекемесінде көрсетілетін қызметтердің сапасы зерделенді.

Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, анық әрі көрнекі ақпараттың орналастырылуы, ғимараттың кіреберіс жағдайы, тұрғындарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жасақталуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың болуы (пандус, арнайы шақырту батырмалары) қаралды. Сонымен қатар, ғимаратқа кіріп-шығу қолжетімділігі мен дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, бірқатар ұсыныстар берілді.

Бақылау қорытындысы бойынша қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде қоғамдық бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.