«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН АРАЛАЙДЫ

49

2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.

Облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету, жәрдемдесу үшін білікті медицина мамандары, заңгер, психолог, медиатордың кәсіби қызметтері көрсетіледі.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысында қараша айының 4-нен бастап 17-і қарашаға дейін аралайды. Шалғай жерлерде орналасқан станция тұрғындарының білікті медициналық мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог) тегін кеңес пен ем алуға мүмкіндіктері бар.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорограф және т.б.), шағын операциялық бөлме, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойызы шалғайдағы станцияның тұрғындарына емхана, аурухана, медициналық кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық пойыз 4.11.2023 — Рзд Күншағыр — Сауран ауданы, Шорнақ е/м, 5.11. — 6.11.2023ж — Рзд Акшокат — Отырар ауд. Шойтөбе е/м, 7.11.23 — Қарақоныр — Отырар ауд. Темір е/м, 9.11.23 – Шағыр — Арыс қаласы, 11.11.2023 — Бадам- Ордабасы ауд. Бадам е/м, 17.11.2023 — Ынтымақ — Түлкібас ауд. Састөбе елді мекендерінде тоқтайтын болады. Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00, пойыз демалыссыз жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет жобаға биылдан бастап кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация (татуласу көмегі) және заңгерлік көмек береді.