ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

3

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Қарабұлақ ауыл округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша, тұрғындардың басым дауысымен Абдилахатов Камилжан Абдушкурұлы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Бүгін әкімді ресми түрде қызметіне тағайындау рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С. Реметов К. Абдилахатовқа куәлік табыстап, сайлау қорытындысын ресми түрде жариялады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары С. Дүйсебаев жаңа әкімді арнайы құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Камилжан Абдилахатов еңбек жолын 2004 жылғы 16 мамырда Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-заңгердің міндетін атқарушы ретінде бастап, 2005 жылдың 1 қыркүйегінен 2014 жылдың 28 қарашасына дейін осы мекемеде бас маман-заңгер қызметін атқарды. 2021 жылдың 21 желтоқсанынан Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.