«АҚБҰЛАҚ» ҚҰРАМАСЫ – «JAIDARMANTOP» ЧЕМПИОНЫ

5

Ауданымыздың намысын қорғаған «Ақбұлақ» құрамасы Жайдарманның 2025 жылғы «JAIDARMANTOP» жоғарғы лигасының чемпионы атанды.

Айта кету керек, команда былтыр Премьер Лиганың жеңімпазы атанып, биыл алғаш рет жоғарғы лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған еді. Дебюттік маусымына қарамастан, маусым басынан-ақ жарқын ойынымен көзге түскен жігіттер финалға дейін барлық қарсыластарынан басым түсіп отырды. Шешуші ойында да тәжірибелі де тартысты командалар арасынан озық шығып, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Бұл жеңіс – бір жылдың ғана емес, жылдар бойғы тынымсыз еңбек пен ерен еңбектің, маңдай тер мен табанды дайындықтың жемісі.

Аудан әкімдігі атынан «Ақбұлақ» құрамасының ойыншыларын және жанкүйерлерін айтулы жеңіспен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!