ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Сайрам ауданында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу мәселелері бойынша арнайы жиын өтті.
Жиынға Сайрам ауданының әкімі М. Мұхтарұлы, аудан прокуроры Б. Теміртасұлы, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы Н. Шекербекұлы және бірқатар жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу барысында пробация есебіндегі азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамту, оларды кәсіпкерлікке тарту және қайта әлеуметтендіру жолдары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша «KUZOV KARABULAK» ЖШС директорының міндетін атқарушы Анартаев Хаитмурат Равшанович пен «ECOINVEST S A» ЖШС директорының орынбасары Амиров Марат Жахонгировичпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум пробация есебіндегі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікке тартуға және олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған нақты қадамдардың бастамасы болып табылады.







