ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

3

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы орташа жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын саралап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда, Қапланбек елді мекенінің С.Рахимов және М.Озтүрік көшелерінде орташа жөндеу,асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын бұл жолдарды жөндеу жұмыстарын «Саят Әділет» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Техникалық қадағалауды «Qazaq Air Qastraction» компаниясы жүзеге асыруда.