ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мекемелер мен бірқатар бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Жиын барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы негізгі мәселелер кеңінен талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, Шолаққорған ауылдық округінің әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов, Қыземшек кентінің әкімі Марс Әбіл және аудандық терроризмге қарсы комиссиясы мен жұмысшы топ хатшысы Ұлжан Шекеева баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар мен алдын алу шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы тиісті сала басшыларына қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын кеңейтуді тапсырды.








