АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАР МАҚҰЛДАНДЫ

18

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХІ сессиясы өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев төрағалық етіп, сессия жұмысына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы ұсынылып, талқылаудан кейін депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерінің өздеріне жүктелген міндеттердің орындалу барысы бойынша есептері тыңдалып, тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Сессияда аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған шығыстар сметасы да таныстырылды. Барлық ұсынылған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, тиісті қаулылар қабылданды.

Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев пен аудан әкімі Асқар Естібаев алдағы кезеңде атқарылар жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, бірлесе жұмыс істеудің маңызын жеткізді.