ТАЗАЛЫҚ — ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

201

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары барысында көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігі тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек сенбілікке 284 адам, оның ішінде 97 мемлекеттік қызметкер қатысты. Екі техниканың көмегімен 2,3 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарына тұрғындар мен жастар да белсенділік танытты. Ауданның тазалығы әрбір ауыл тұрғындарының жауапкершілігіне байланысты. Тазалық — табалдырықтан басталады» — деген ұлағатты сөзін жадымыздан шығармайық. Туған жерді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу де мәдениеттілік.

Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі