«ЖҮЙНЕК» ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ!

162

Кеше Сауран ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен қолдауынымен кіші футболдан ашық біріншілік басталған болатын. Бірер сағат бұрын аламан доп додасы мәресіне жетті. Нәтижесінде Жүйнек ауыл округінен жасақталған «Жүйнек» құрама командасы жеңімпаз атанды. Құрама команда шаршы алаңда шапшаң ойын көрсетті. Соңғы минуттарда «Қосқорған» құрама командасының қақпасына 3 гол соғып басым түсті. Жеңіс тұғырына дейін Ескі Иқан, Қарашық, Ынтымақ құрама командаларын басым ұпаймен ойсыратып жеңген болатын. Жеңімпаз команда аудан әкімдігінің арнайы кубогы мен қаржылай жүлде қорына ие болды.

Екінші орынға «Қосқорған» құрама командасы тұрақтады. Финалға дейін қарсылас командаларының жеңісіне тұсау салған құрама «Жүйнек» құрама командасымен есепті теңістіре алмады. Құрама командаға қаржылай сыйлық табысталды.

Үшінші орынға шаршы алаңда сәтті ойын көрсеткен Ескі Иқан командасы тұрақтады. Депутаттардың демеушілігі тарапынан берілген қаржылай сыйлықты иеленді. Доп додасының жабылу салтанатына аудан әкімінің кеңесшісі Жолдас Мырзабеков, ауыл әкімі мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Естеріңізге сала кетейік, ашық біріншілік жыл сайын ұйымдастыралады деп күтілуде. Мықты ойыншыларды іріктеп, ауданның құрама командасын жасақтауды мақсат етіп отыр.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі