ҚАРСЫБАЙ СЫПАТАЕВТЫҢ СӨНБЕГЕН ШЫРАҒЫ, ЖАЛҒЫЗ ТҰЯҒЫ

851
«Жеті айлық болып туылған екем. Әкем Қарсыбай соғысқа атттанып бара жатқанда маңдайымнан иіскеп «Өліп кетсем, шырағым сөнбейді. Өлмесем, қайтып келіп түтінімді түтетемін» деген екен». Бүгінде 80-ді еңсерген Қарсыбайқызы Нағима осылай әкесі туралы тек естеліктерді сақтап, соларды көңіліне медет тұтып өскен перзент.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков батырдың сөнбеген шырағы, жалғыз тұяғы Нағима апаның шаңырағына ат басын бұрып, мерекемен құттықтады.
«Асылдың сынығы, тектінің тұяғысыз. Тағдырыңыз өзге елдің тұтқасын ұстап, отын жағуды бұйырғанымен, Сіздің 12 перзентіңіздің бойында қазақтың қайсарлығын тарих бетіне өшпестей таңбалаған Қарсыбай Спатаевтың қаны бар екені ақиқат. Сіздер барда батырлық та, адалдық та өлмейді, аман болыңыз» деп, ізгі ниетін әдемі тілекпен жеткізді.
«Әкемнің бейнесі жадымда тек суреттер арқылы жатталды. Әйтсе де, мені оның даңқы, батырлығы мен ерлігі ізгілікке, жықсылыққа тәрбиеледі. Батырдың қызы болу бақыты бұйырған екен, әке атына селкеу түсірмедім деп білемін» деп, Нағима апа жанарына жас алды.