Көпен Әмірбек: “БƏЙТЕРЕКТІҢ МАҢАЙЫНА ЖƏЙ ТЕРЕК ЕКТІК…”
Кеше Астанадағы сенбілікке алты жасар ұлымды ертіп бардым.Бəйтеректің маңайына жəй терек ектік.Жігіт болған шағында «Осы екі түп ағашты көкем екеуміз отырғызғанбыз!» деп айта жүретін шығар.Балам екеуміз жаз бойы Есіл өзенінің еркелеп аққан суын екі қайың еңсесін көтергенше түбіне құйып тұрамыз деп келістік.Табиғатқа құмартса таза боп өсер.
Құдай ғұмыр берсе 2030-жылы мен 80 жасқа келеді екем.Біз еккен жəй терек бəйтерекке айналмаса да 9 жасқа толады.Ал 2050-жылы ше?Оһо-о-о, онда мен бар болсам да, жоқ болсам да 100-ге толады екем.Ол кезде біздің жəй терек Бəйтерекке айналып, орда бұзар отыз жасқа таяйды…
Немене, армандауға да болмай ма?