АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

2

Бүгін аудандық мәслихаттың жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда аудан әкімі Асқар Естібаевтың ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар барысы қаралды.

Жиын барысында аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстар мен даму көрсеткіштеріне тоқталып, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы негізгі жетістіктерді баяндады.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің шешілу жолдары мен алдағы жоспарлар да кеңінен қамтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері әкім жұмысына оң баға беріп, аяқжол, жол, аялдама, ауыз су, канал, халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, әскери-потриттық тәрбиені күшейту сынды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аудан әкімі әр мәселені өзіне түртіп алып, барлық сұраққа жеке-жеке жауап беріп, назарға алды.

Есеп беру – ашықтық пен жауапкершілікке негізделген тиімді диалог алаңы болды.