ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10

Түркістан қалалық мәслихатының мәжіліс залында әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салалары, депутаттық өкілдік пен этика, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырысты комиссия төрағасы Мади Аманжол жүргізді.

Күн тәртібінде 2025 жылғы қалалық бюджеттің игерілу барысы және 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы қаралды. Аталған мәселелер бойынша қалалық экономика және қаржы саласына жауапты А.Бекбол баяндама жасап, салалық бөлім басшылары қосымша ақпарат ұсынды.

Отырыста жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласындағы бөлінген қаражаттың игерілуі, жол жөндеу жұмыстарының барысы, қоғамдық көлік қызметін жетілдіру шаралары талқыланды. Сонымен қатар коммуналдық шаруашылық бағытында инженерлік желілерді жаңғырту, абаттандыру, санитарлық тазалық және қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Комиссия мүшелері бюджеттік қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалану, анықталған кемшіліктерді жою және алдағы жылдарға жоспарланған жобалардың басым бағыттары бойынша ұсыныстарын білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, тиісті ұсынымдар қабылданды.