ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫН ҚАМТЫҒАН МАЗМҰНДЫ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.

4

М.Лермонтов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылған семинар

«“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтар жүйесі» тақырыбында өтті.

Семинардың мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінде білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету, қоғамға бейімделген саналы азамат қалыптастыру.

Семинар барысында педагогтер өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда өткізілген тәрбие сағаттары, дебат, квест, ұлттық ойындар мен әдеби-сазды бағдарлама “Адал азамат” бағдарламасының 8 құндылығын оқушы бойына дарытудың тиімді үлгілерін көрсетті.

Қуыршақ театры,

тәрбие сағаттары,

дебат ойыны,

«Адал Азамат: 8 Құндылықтар» квест ойыны,

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы дөңгелек үстел,

ұлттық ойындар – асық ату, бес тас,

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

семинардың мазмұнын байытып, тәрбиелік маңызын арттырды.

Семинар соңында Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Әбілқасымқызы қорытынды жасап, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Өз тәжірибелерімен бөліскен сынып жетекшілер мен педагогтер АББ марапатына ұсынылды.

Мұндай тәжірибелік алаңдар – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуге, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және саналы, адал, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.