АУДАН АУМАҒЫНАН КАРТИНГ АЙМАҒЫН АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРІЛУДЕ

2

Аудан әкімі Асқар Естібаев бастаған топ Қытай еліне іссапарын Чанша қаласында түйіндеді.

Бұл жерде аудан басшысы ауданымыздан картинг (арнайы миниавтомобильмен түрлі жол карталарында ұйымдастырылатын жарыс) орталығын ашуға қызығушылық білдіріп отырған осы елдегі ең үлкен картинг орталығының басшылығымен кездесті.

Орталықта 10 гектрар жерде картингтен бөлек, тік ұшақпен (вертолет) қыдыру орны, пиндбол қалашықтары орналасқан.

2017 жылы құрылған орталықта бүгінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жалпы, Қытай елінде 8 картинг орталығы болса, соның ең үлкені осы Чанша қаласында орын тепкен.

Асқар Сұлтанұлы туризм мен спорт саласы үйлескен орталықтың басшылығымен сұхбат барысында бұл бағытты Түлкібас аудан аумағында дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіп, маңызды тұстарын талқылады.

Аталған жобаны Иірсу елді мекенінің маңынан 10 гектар аумаққа жүзеге асыру барысы пысықталып, алдағы уақытта жобаны дамытуға аудан тарапынан барлық қолдаулар көрсетіндігі айтылды.

Айта кетерлік, аталған сала Еуропа елдерінде қатты дамыған. Ал, Қытайда бұл сала да даму тұсындан.

Сонымен қатар, аудан делегациясы дөңгелек үстел басында «Kazakhstan Silk Road International Holdings Group» ЖШС-нің басшылығымен қайта кездесіп, Түлкібас ауданы Иірсу елдімекені маңынан әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағын құру жобасын қайта талқылады.

Қытай елінде қызмет көрсету орындары (қонақ үй, тамақтану мен сауда орындары) өте көп, ал Иірсу аумағының қызмет көрсету орындарының жоқтығы бұл жобаны іске асыруға зор мүмкіндік екенің алға тартқан инвестор, аталған жобаны бірлесіп іске асыруға қызығушылығын білдіріп отырғаның жеткізді.

Аудан әкімі ауқымды жобаны бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізіп, жобаны іске асыру барысында экологиялық талаптарды сақтау қатаң қадағаланатынғын, жұмыс көзіне аудан тұрғындарын көптеп тарту қажеттігін нақтылап жеткізді.

Айта кетерлік, аталымыш жоба толық цифрлық басқару жүйесімен қамтылып, кірушілерді фейсқадағалау жүйесі арқылы қадағалау, 3D құрылғысы арқылы демалыс аумағының бейне жазбасын көру және келушілер арнайы қосымша арқылы көлік құралдарының қанша уақытта келуі мен кезек көп нүктелерді айналып өту мен басқа да қызметтер алу мүмкіндігі қарастырылады.

Жоба іске асқан жағдайда ауданымыздың туризм мен экономикалық әлеуеті артып ғана қоймай, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындарға өз кәсібін ашуға зор мүмкіндіктер туатын болады.