АУДАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТАУ ТУРИЗМІ МЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫҒАН КЕНТТЕ БОЛДЫ

Үрімжі қаласындағы іссапарын аудан әкімі Асқар Естібаев бастаған топ шаһарға қарасты Шуисигоу кентінде жалғастырды.
Кенттің жер аумағы 56 мың гектар болса, соның 5 мың гектарын егістік, 30 мың гектарын жайылым жер алып жатыр.
Кенттің негізгі табыс көзі туризм, егін және мал шаруашылығы.
Үрімжі ауданында 60 мыңнан астам халық болса, соның Шуисигоу кентінде 11 мыңнан астам халқы осында тұрады, ауылға 9 шаhар қарайды. Үрімжі ауданында 9 шаңғы тебу базасы болса, соның 6-ы осы кентте орналасқан.
Ауданымыздан барған делегация тәжірибе алмасу мақсатында бірінші аялдамасын отбасылық ет өндеу цехінен бастады. Үй іргелік жерде орналасқан цехта айына 1-2 мың қой және 500-700 келі сиыр етін өндеп, одан бөлек, мал етін бөлшектеп, қораптап, дүкен сөрелеріне жөнелтеді.
Кәсіпкерлік нысанда қосымша 500 тонна ет өнімдерін сақтайтын қойма, ет бөлшектеу, вакумдық құралдар және қан сорғыту бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Бұл жерде 12 адамға тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.
Келесі кезекте, Асқар Сұлтанұлы бастаған топ, қонақ үйлер мен тамақтану орындарында болып, жұмысымен танысты.
Жалпы аталмыш кентте 17 жоғары деңгейдегі қонық үй (оның 3 халықаралық деңгейде) бұдан бөлек 200 қонақ қабылдау үйі (4000 астам төсек-орын), 20-дан астам ірі тамақтану орындары бар.
Сонымен қатар, кентте туристік рекреациялық аймақ жұмыс жасайды. Мұндағы 32 шағын ауданда 6000 коттедж туристтерге сапалы қызмет көрсетеді. Маусымдық кезеңде 150-200 мыңға дейін туристерді қабылдауға қауқарлы кент.
Сонымен қоса, аудан делегациясы кент аумағында орналасқан тәулігіне 3 тонна сүт өндеумен айналысытын цехта болып, жұмысымен танысты. Санитарлық талаптар жоғары деңгейде сақталған шағын кәсіпорында 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Содан соң, ауданымыздың делегациясы кенттегі 2-ші ең үлкен шаңғы базасында және қонақ үйінде болып, тәжірибе алмасу мақсатында нысанның жұмысымен танысты. Аталған шаңғы базасы бір мезетте (тәулігіне) 6000 адамға дейін қызмет көрсете алады.
Ал, «XINJIANG RURAL CREDIT COOPERATIVES» атты қонақ үйде 181 номерде 300 төсек-орын қарастырылған. Бұдан бөлек мейрамхана, конферециялар өткізуге арналған үлкен және кіші мәжіліс залдары бар.
Шуисигоу кенті өзінің жылыжайларымен ерекшеленеді.
Кент аумағында мыңнан астам стандартты, ұзындығы 100 метр, ені 7 метрді құрайтын жылыжайлар орналасқан. Онда, қызанақ, қияр, салат жапырақтары, түрлі гүлдер мен бүлдірген өсіріліп, сауда қатарларын жіберіледі.
Ауыл шаруашылығы нысандарын аралауын аудан делегациясы тауарлы сүт фермасында түйіндеді. Бұл жерде 1,5 мың бас Австралия елінен алынған сүт бағытындағы сиырлардан тәулігіне жаздың күндері 3 тонна, ал қыста 1,5 тоннаға дейін майлылығы жоғары сүт өндіріледі. Күндігіне келетін болсақ бір сиыр жазда 60 литрге дейін ал, қыста 35 литр сүт береді. Ферма заман талабына сай толық автоматтандырылған. Сол себептен жұмыс күші аз жұмсалып, үлкен фермада 15 адам ғана жұмыс жасайды.
Аталған кент тау бөктерінде орналасқандықтан, ауарайымен Түлкібас ауданына ұқсастығы бар. Осы тұрғыда ауданымызды дамытуға арналған бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасудың маңызы зор.
Іссапардағы басты мақсат ауыл шаруашылығы, экотуризм, өндіріс бағыттарында өзара тиімді серіктестік орнатып, ауданымыздың әлеуетін арттыруға жаңа идеяларды қолдану. Сонымен қатар, климаттық ұқсастықтар ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде ортақ әдіс-тәсілдерді қолдануға және тиімді шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.








