ЭНЕРГЕТИКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19

Бүгін Шардара қаласында орналасқан «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінде 22 желтоқсан – Энергетиктер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол энергетика саласы мамандарының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін ерекше атап өтті.

Мерекелік жиында өз ісіне адал, абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер «Шардара ауданына – 60 жыл» мерекелік медалімен және Шардара ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңында Бейсенбай Туребеков энергетик мамандарының жауапты еңбегіне ризашылығын білдіріп, ұжымға толағай табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.