ШАРДАРА АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстем 2025 жылы іске асырылған және 2026 жылға жоспарланған кәсіпкерлік жобалар туралы баяндады.
Ал аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков 2025 жылдың қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің болжамды орындалуы жөнінде ақпарат беріп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелерге жан-жақты тоқталып, бірқатар саладағы кемшіліктерді сынға алды. Қала және ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.








