ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛАРДЫ АЛУ БОЙЫНША КЕЛІСІМ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Қытай елінің Үрімжі қаласында іссапарда жүрген ауданымыздың делегациясы индустриалды аймақтағы біршама кәсіпорындарды аралап, соның ішінде құрылысқа аса қажетті тауарлы бетон шығаратын құрылғы мен ауыл шаруашылығы техникасы шығаратын «Xinjiang Xinwangda Co.,Ltd» және «Xinjiang huaxu Xinglong Machinery Equipmant Co.Ltd.» компаниясында болып, заманауи техника түрлерімен танысты.
Нәтижесінде, “Түлкібас жолдары» ЖШС мен «Майлыкент сүт» АӨК сүт бағытындағы ірі қараға жем дайындау мақсатында ауданымызда теңдесі жоқ силос (жүгері мал азығы) оратын заманауи комбайн, сиялка, жер өндеуге культиватор, трақтор және тауарлы бетон өндіретін 2 құрылғы алуға келісім шарт жасасып”, алдағы уақытта қарым-қатынасты нығайту мақсатында 3 меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, келісім сөз барысында «Xinjiang huaxu Xinglong Machinery Equipmant Co.Ltd.» компаниясының өкілі тапсырыс беруші яғни, аудан кәсіпкерлеріне өздеріне қажетті сипаттамадағы техника түрлерін дайындап беруге келісім беріп, өзара ынтымақтастықтық пен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда аудан аумағында 808 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы тіркеуде тұр. Оның ішінде, біршамасы ескірген.
Аталған техникаларды кезең-кезеңмен жаңарту және шаруаларға жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай тудыру, әрі өнімді арттыру мақсатында аталған іссапардың маңыздылығы жоғары.
Алдағы уақытты келісім негізінде аудан кәсіпкерлері мен кәсіпорын арасында ауқымды жоспарларлы жұмыстар атқарылатын болады.







