ШАРДАРА: ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНДА ЖЕР ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Жаушықұм ауылында жер және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған жиын өтті. Кездесуде жер телімдерін нысаналы мақсатына сай пайдалану, жайылым жерлерге полимерлі пленка қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, жер үсті және жер асты су көздерін тиімді пайдалану, ағын су пайдалануға рұқсат алу, тиісті келісімшарттар жасау және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бердешов Жұмасұлтан Оразбекұлы, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал–Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Бекетов Шерхан Нұртазаұлы, Шардара ауданының аға прокуроры Санжар Дартаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Шардара өндірістік бөлімшесінің жауапты мамандары, ауыл әкімдіктерінің салаға жауапты қызметкерлері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.








