ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шардара ауданының активіне аудандық полиция бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды. Жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары, сала ардагерлері мен аудан активі қатысты.
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция майоры Нұрсұлтан Елшібаев Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны аудан жұртшылығына полиция полковнигі Арман Бейсенбаев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде аудан әкімі Арман Романұлы жаңа басшыны жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында полиция бөлімінің жұмысын одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргізілетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тіледі.
Нұрсұлтан Елшібаев ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жоғары білімді, заңгер мамандығы бойынша білікті әрі тәжірибелі қызметкер.







