АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

6

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібіне үш негізгі мәселе енгізілді.

Алғашқы болып аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы мәселе қаралды. Бұл бағытта Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалеке Марат баяндама жасап, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік жағдай және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы жөнінде мәлімет берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарға арналды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанағат Асылбек аудан көлемінде жүргізілген тазалық, абаттандыру және экологиялық іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, мәжілісте жаңа жыл мерекесіне орай аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жоспары қаралды. Бұл туралы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жұмабекова Жанар ақпарат беріп, мерекелік бағдарламалар мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына тоқталды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.