СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

4

Сауран ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Аталған лауазымға Абдигапбаров Айдын Ғабитұлы тағайындалды.

Айдын Абдигапбаров 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2009 жылы Кентау қаласындағы «Сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметінен бастаған.

Әр жылдары Түркістан қаласының құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында түрлі жауапты қызметтерді атқарып, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 2021 — 2023 жылдар аралығында Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде жылу, су, газ, энергетика, абаттандыру және коммуникация салаларына жауапты секторды басқарды. 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор менгерушісі қызметін атқарды.

Мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған Айдын Ғабитұлы алдағы уақытта Сауран ауданындағы сәулет және қала құрылысы бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға, құрылыс саласын дамытуға күш салмақ.