САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

18
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының кезекті мәжілісі өтті. Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев жүргізді. Мәжіліске Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Саяси кеңес Бюросының мүшелері, Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әкімдері, аудандық мәслихаттардың төрағалары, аумақтық партия филиалдарының жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде партияның 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ Түркістан қаласы, Келес және Төлеби аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі әкімдердің есептері қаралды.
Мәжіліс барысында облыстық партия филиалы жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылып, Жол картасы аясындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында инженерлік инфрақұрылымды дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жай-күйі, туристік бағыттардағы көше инфрақұрылымын жақсарту және мобильді интернет сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өңірлік өнім көлемінің өсімі, инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс, туризм және жұмыспен қамту бағыттарындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндама жасады. Бюро мүшелері Жол картасының тармақтарын сапалы әрі уақтылы орындау, инвестициялық және туристік әлеуетті арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжіліс қорытындысында облыстық мәслихат депутаттарының 2026 жылға арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, Саяси кеңес Бюросының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды. Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау негізгі басымдық ретінде айқындалды.