ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙТЫН «QAYDA ПРЕМИЯ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ

27

Түркістан қаласының үздік орындары мен қызмет көрсету саласының үздіктерін марапаттауға дәстүрлі «Qayda Премия by Tourism Awards» салтанатты кеші өтті.

Аталған кештің басты мақсаты – туризм, қызмет көрсету және қонақжайлылық саласында белсенділік пен бәсекелестікті арттыру, сапалы қызмет көрсетіп жүрген нысандар мен кәсіп иелерін бір ортаға жинап, үздіктерді анықтау. Анықтау жүйесі алдын ала тұрғындардың дауыс беруі арқылы жүргізілген.

Салтанатты кеш барысында жыл қорытындысы шығарылып, түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылған орындар мен қызмет көрсету орындары марапатталды. Жеңімпаз номинация иегерлеріне арнайы статуеткалар табысталып, қатысушылар өз салаларындағы жетістіктерімен бөлісті.

Жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді ұйым өкілдерінің басын қосқан Vendo Group өкілдерінің айтуынша, дауыс беру арқылы анықталатындықтан, қатысушылар белсенді атсалысып, қызмет сапасын біршама арттырған. Сонымен қатар, түрлі жеңілдіктер мен қолайлы бағалар ұсына бастаған.

Дәстүрлі түрде екінші рет өтіп жатқан шараға 400-ге жуық адам қатысып, кештің хедлайнерлері ретінде танымал өнер жұлдыздары Баян-Сұлу мен Бонапарт қатысқан.