САРЫАҒАШ: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық маңызы бар жолдарда, соның ішінде қала аумағындағы орталық көшелерде қар тазалау жұмыстарын күшейту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл тапсырма берді.
Аталған тапсырма аясында Сарыағаш ауданы полиция басқармасымен бірлесіп, қала ішіндегі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы қауіпсіздік шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы жұмыстарға 4 арнайы техника мен 5 жұмысшы жұмылдырылып, аудандық полиция басқармасының 4 арнайы автокөлігі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, қала және ауылдық округтерде қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын болдырмау мақсатында арнайы техникалардың дайындығы пысықталды. Алдағы уақытта қар тазалау және жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қыс мезгілінде көлік құралын басқару кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстырып, жолда аса сақ болуға шақырамыз. Қар қалың жауып, ауа райы қолайсыз болған жағдайда жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысты шектеуге және орталық көшелерде көлік құралдарын жол жиегіне қоймауға кеңес береміз.








