ТҮРКІСТАНДА 33 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту және қала инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы қала аумағында жалпы саны 33 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған. Жоспар аясында Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары толық көлемде жүзеге асырылып, 15 үйде жұмыстар толығымен аяқталған.
Сонымен қатар, 1 және 2 ықшамаудандарда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын қасбетін жаңарту жұмыстары 18 тұрғын үйге жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 17 тұрғын үйінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал №8 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.








