СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

17
Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Ұлы Дала Елі орталығымен бірлесе отырып «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, Сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою, жастарды ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс — шарамызға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын түсіндіру үшін Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а Әбдиев Әдірәсіл Әбсадықұлы мен Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысын және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ербекешев Нурлан Хусанулы қатысып, жемқорлық — қоғамның дамуына үлкен кедергі. Онымен күресу баршамыздың ортақ борышымыз. Әрқайсымыз өз ісімізде адал болып, әділдікті қолдасақ болашағымыз жарқын болады, деді.
Шара соңында Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Төлбасы Эльвира «Жемқорлықты бірге жоямыз!» атты кітап көрмесімен таныстырды.