ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ІЛІМІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің» ашылуында тарихи ескерткіштерге ерекше мән беру қажеттігін атап өткен болатын. Осы орайда Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: толық адам және адал қоғам» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Мәдениет үйінде өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, дін саласының өкілдері, Түркістан облыстық «Ардагерлер ұйымының» мүшелері, қалалық «Ақсақалдар алқасының» мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Конференцияның ашылуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров сөз сөйлеп, басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Өтпенов, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, философия және теология ғылымдарының докторы, ясауитанушы-ғалым, профессор Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторы, профессор Мұхитдин Исаұлы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхитдин Төлегенов, ҚМДБ-ның «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мазмұнды баяндамалар жасады.

Облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды» деген ұстанымын атап өтіп, бүгінгі республикалық конференция ел бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге серпін беретінін айтты.