ТҮРКІСТАНДА 9-10 ЖЕЛТОҚСАН КҮНДЕРІ «АЛТЫН ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

235

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 2022 жылғы 9-10 желтоқсан күндері Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде республикалық ақындар айтысы өтеді.

Жыр додасына еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысында бақ сынайды.

Атап айтсақ, айтулы шараға Талғат Мықи, Қалижан Білдәш, Мөлдір Айтбай, Нұрлан Есенқұлов, Арғынбек Қалбаев, Рүстем Қайыртайұлы, Бердіхан Қазірет, Ақбабаұлы Ардабек, Бауыржан Ширмедин, Төлеген Жаманов, Қанат Мырзахан, Біржан Байтуов, Еркебұлан Қайназаров, Шалқарбай Ізбасаров, Шұғайып Сезімхан, Рауан Қайдаров, Әміров Ержан, Ершат Қайболдин қатысады.

Республикалық айтыстың қазылар алқасының құрамында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, халық қалаулылары Нұртөре Жүсіп және Жанарбек Әшімжан, сондай-ақ елімізге белгілі ақындар Светқали Нұржан, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы, Бекарыс Шойбековтер бар.

Айта кетейік, республикалық «Алтын домбыра» ақындар айтысы 2012 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.