АТА ЗАҢ-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

389

 

30 тамыз ҚР Конституция күніне орай аудан орталығындағы мәдениет үйінде мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шара шымылдығын ашқан аудан әкімі Н.Байғұт аудан халқын Ата заңымыздың 27 жылдығымен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

«Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің жетістіктерінің кепіліне айналды. Біз бүгін еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек етіп бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқығына иеміз. Алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Сол мақсатта заман ағымына сай алға қарай ұмтылып, жылжуымыз қажет. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы мемлекет басшысы ұстанған саясатты қолдап, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік. Мәңгілік елді құру жолында бар күш-жігерімізді салайық»-деді, аудан басшысы өз құттықтауында.

Сонымен қатар, мерекелік жиында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Бердиев түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген жандарды аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік іс-шараға келген қонақтарға аудан суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының орындауындағы мерекелік концерт ұсынылды.