ШАТҚАЛДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

226

 

Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелері қиылысындағы 7,27 гектар аумақты алып жатқан шатқалда абаттандыру жұмыстары жүруде. Бүгін аудан әкімі Төлеген Телғараевтың бастамасымен шатқалда сенбілік өтті. Сенбілікке 200 ге жуық адам қатысып, оны күл-қоқыстан арылтып, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту ісіне белсенді атсалысты.

Қазіргі кезде шатқал аумағында «Этно ауыл» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, саябақ аумағынан 2 киіз үй, сахна, алтыбақан, тапшан, орындықтар, қарау алаңы, балалар ойын алаңшасы, көне мүсіндер, садақ ату алаңы салынады. Мердігер мекеме «Décor Service Group» ЖШС.

Бұған қоса, саябақты көгалдандыру, көркейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шатқалға Төлеби бабаның мүсіні орнатылады, түнгі жарықтандыру қойылып, саябақ аумағынан Арбат салынады. Сондай-ақ, саябақ алаңына жүгіру, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолы төселеді.