ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

29

Түркістан қаласы әкімінің төрағалығымен қала дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды.

Күн тәртібінде орындаушылық тәртіптің жай-күйі, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы, халықпен кездесулер мен жеке қабылдауларда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ арыз-шағымдар мен өтініштердің қаралу нәтижелері талқыланды.

Қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы аясында 224 тұрғын қабылданып, нәтижесінде 205 тапсырма берілген. Оның ішінде 191 тапсырма толық орындалып, жалпы орындалу деңгейі 96 пайызды құраған.

Сондай-ақ, арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау мәселесі де мәжілісте кеңінен қозғалды. 2025 жылдың 12 айында қала әкімдігіне 5132 арыз-шағым мен өтініш келіп түскен.

Мәжіліс қорытындысында орындаушылық тәртіпті күшейту, хаттамалық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, халықтан келіп түскен өтініштерге жедел әрі нақты жауап беру қажеттігі атап өтілді. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша қала басшысы нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтті.