ОРТАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕЙДІ

174

Енді өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, шығындарыңыздың бір бөлігін мемлекет есебінен өтей аласыз. Олар отандық өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттырады, технологиялық процестерді жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізе алады. Сондай-ақ, өз өнімдері мен қызметтерін ішкі нарыққа шығарады. Бұл шаралар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ел ішілік құндылықты арттыруға ықпал етеді. Шығындарды «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өтейді.
Бірінші. Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім бере алады. Атап айтқанда, қызметкерлердің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындар. Мемлекет шығындардың бұл түрлері бойынша 40% өтейді (30-дан 60 млн теңгеге дейін).
Екінші. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өз тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере алады. Бұл өнімнің сертификаттық және зертханалық сынақтарын, соның ішінде сертификаттарды тіркеу, сынақ нәтижелерін сараптауды жүргізуге кететін және аяқ киім өнімін таңбалауға. Бұл жағдайда мемлекет шығындардың 50% өтей алады (3000-нан 10 000 АЕК-тен аспайтын).
Өтінімдер мен қоса берілетін құжаттар жыл бойы QazIndustry порталында www.qazindustry.gov.kz («бизнесті ынталандыру» бөлімі) онлайн түрде қабылданады. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444). байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry аптаның әр бейсенбі күні «Ашық есік» күндерін онлайн және офлайн түрде өткізеді (ашық есік күндеріне қатысу шарттары туралы https://qazindustry.gov.kz/…/2625-den-otkrytykh-dverey… сілтемесі арқылы білуге болады).
Атап өтейік, биылдың қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындардың 186 млн теңгеден астам шығындарын өтеді. Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында ондаған кәсіпорын өз қызметкерлерінің құзыретін арттырып, өндіріс көлемдерін және өнім ассортиментін кеңейтіп экспортқа шығуда.

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»