Қ.А.ЯСАУИДІҢ АҚШ-ТАН ТАБЫЛҒАН ҚОЛЖАЗБАСЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

91
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің АҚШ-тан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды.
Бүгінде Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен түпнұсқаның ерекшелігіне зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды.
Айта кетсек, кітапты түптеу жұмыстары үш аптаға созылған. Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген. Қолжазбаның ХІІ ғасырдағы түпнұсқасы ҚР Ұлттық кітапханасында сақталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі